Кеңес Одағының батырлары
Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған. Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды. |
Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:
Кронит Альберт Викторович
(1925 - 1983)
1925 жылы Семей қаласында дүниеге келген.
Майданда 1943 жылдың тамыз айынан бастап болған. 241-ші гвардиялық танкіге қарсы атқыштар полкінің нысанашысы, гвардия кіші сержанты Кронит 1943 жылғы қыркүйекте Киев облысының Глебовка аулының тұсында Днепр өзенінен алғашқылардың қатарында өтті. Өзеннің оң жағалауында жаудың басым күшінің атакаларын тойтаруда көзге түсті.
Ленин, ІІ дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 17 – қазандағы Жарлығымен А.В. Кронитке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Семей өлкетану мұражай қоры