Даңқ орденінің толық иегерлері

Даңқ орденінің толық иегерлері

Даңқ ордені – КСРО әскери ордені, КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 8 қараша айындағы «I, II және III дәрежелі Даңқ ордендерін белгілеу туралы» Жарлығымен белгіленген. Орденмен кіші құрам марапатталған: Қызыл Армияның қатардағы жауынгерлер, сержанттар және старшиналар, ал авиацияда – кіші лейтенант атағы барларда. Жеке еңбек сіңіргендерге ғана берілген, әскери бөлімдер және құрылымдар онымен марапатталмаған.
Даңқ ордені үш дәрежелі, олардың жоғары I дәрежелі ордені – алтын, ал II және III дәрежелі – күміс (II дәрежеліде алтын жалатылған орталық медальон). Бұл белгішілер шайқаста көрсеткен жеке ерлігі үшін берілуі мүмкін, қатаң ретпен – төмен дәрежеден жоғарыға қарай.

22 шығыс қазақстандық Даңқ орденнің толық иелері:

Кужелев Николай Федорович
(01-01-1916 - 01-11-1990)

Николай Федорович Кужелев  01.01.1916 ж. Томбов облысы Моршанский ауданының Александровка ауылында туған. Қызыл Әскер қатарына 1939 ж. желтоқсан айында шақырылды, Ұлы Отан соғысында 1941 ж. тамыз айынан – 42-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының 44-ші жеке барлаушы ротасының взвод командирының көмекшісі болған (40-шы әскер, 2-ші Украин майданы). 1944 ж. 19 наурызда Кужелев барлаушы тобына бас болып Лозовое ауылына (Украина) басып кіріп, өзен арқылы өтетін көпірді жаруға талпынған жау сапарлерімен болған соқтығыста 4 гитлершілерді жойып қалғандарын алды-арты қаратпай қашыртты. Аман қалған көпір келе жатқан бөлімдерге алға жылжу мүмкіндігін берді. 1944 ж. 21 наурызда ат барлау взводы Кужелевтың басшылығымен Слободище қ. оңтүстік-батысына қарай жерде (Житомир облысы) орналасқан жауға кенеттен шабуыл жасады. 8 гитлершілер өлтіріліп, 2 тұтқынға алынды. 18.05.1944 ж. 3-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды. 1944 ж. 24 тамызында ат барлау взводының құрамында Кужелев Циибукань-де-Сус елді мекеннің маңындағы (Молдова) шайқаста көзге түсті. Дұшпанды қоршауға алғаннан кейін бір топ жауынгерді қарусыздандырып, соғыс олжаларын алып қалды, оның ішінде минометтер, әр түрлі калибрлі оқ-дәрілер және көп әскери мүлік. 20.09.1944 ж. 2-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды. 1944 ж. 4 қыркүйегінде барлау тобының құрамында Дердьо, Тэлдьешь елді мекен қасында (Венгрия) жау орналасқан жерге жасырын жақындап 2 дұшпанды тұтқынға алды, оларда құнды мәліметтер алынды. 28.04.1945 ж. 1-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды. 1945 ж. маусым айында әскер қатарынан босатылып, Семей облысы Мақыншы ауданының Благородное, кейін Алматы облысының Қаскелен қ. тұрған.          

Шығыс Қазақстан облысының қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу