
Танабаев Манап Әбекейұлы 1912 жылы 15 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Комсомол ауылында (қазіргі Тоғанас) дүниеге келген. Омбы артиллериялық училищесінде оқыған. Майданға ерікті ретінде аттанған. Сталинград майданына жіберіліп, Сталинградты қорғауға қатысқан. 64-армия бригадасының 143-дивизиясының 1-ші батальонының құрамында миномет батареясының командирі ретінде соғысқан. 57-ші армияның құрамында, генерал Ф.И.Толбухиннің қолбасшылығымен, 4-ші Украина майданының 48-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының 138-ші атқыштар полкінің артиллерия бастығы, 158-ші миномет полкінің 1-ші минометшілер дивизиясының командирі ретінде соғысқан. Беларусь жерін азат ету ұрыстарына, Кеңигсбергті, Пиллау теңіз портының бекінісін алуға қатысқан. 1946 жылы 19 наурызда гвардия капитаны шенінде запасқа шығарылды. Соғыстан кейін Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданындағы Шілікті, Семей облысы Абай ауданындағы «Қызыл-ту» кеңшарларының директоры болып қызмет етті. 1964 жылдан зейнеткерлікке шыққанға дейін Ұлан ауданы, Қанай ауылдық Кеңесінің төрағасы қызметін атқарды.
Марапаттары:
1, 2-дәрежелі дәрежелі «Отан соғысы» ордені,
«Қызыл Жұлдыз» ордені «Сталинградты қорғағаны үшін» медалі
«Кенигсбергты алғаны үшін» медалі
«1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалі.