Туған жері: Шығыс Қазақстан облысы, Шемонайха ауданы, Тарханка ауылы.
1937 жылы шұғыл әскери қызметке шақырылып, 1939 жылдың қараша айында запасқа шығарылады.
1941 жылдың 3 қарашасында Приморск өлкесі, Уссурийск қалалық әскери комиссариаты арқылы әскери жұмылдыру бойынша шақырылады. 1942 жылдың қараша айынан 1943 жылдың шілдесіне дейін 129 саптық бригаданың минометтық есеп бөлімінің командирі есебінде ұрыстарға қатысады. 1943 жылдың шілде айынан 985 саптық полктың атты әскер бөлімінің командирінің көмекшісі, аға сержант болды. 1943 жылдың қараша айынан 24 саптық корпус басқармасының атты әскер взводының командирі қызметін атқарады. Соғысты аға сержант дәрежесінде, 416 мото-бақылау ротасының старшинасы болып аяқтайды. Сталинград, Воронеж майдандарындағы ұрыстарға қатысады. «Қызыл Жұлдыз» орденімен, «Ерлігі үшін», «Праганы алғаны үшін», «Берлинді алғаны үшін», «Германияны алудағы Жеңісі үшін» медальдарымен марапатталған. Өскемен қаласында тұрды.