Ұлы Отан соғысына қатысқандар
Головатюк Михаил Яковлевич
(15-10-1927 - )
Туған жері: Иркутск облысы, Усть-Ордынский Бурят-Моңғол ұлттық округі, Алар ауданы, с. Құтылық 1943 жылы еңбек армиясына, Иркутск-Байкал темір жолының құрылысына шақырылды. 1944 жылдың желтоқсанында белсенді Қызыл армияға шақырылған. 579-атқыштар полкінің құрамында автоматшы ретінде Жапонияға қарсы ұрыстарға қатысқан.
1952-1977 жылдары Өскемен қорғасын-мырыш комбинатында жүргізуші, балқытушы-тазартқыш болып жұмыс істеді. Өскемен қаласында тұрады.
Марапаттары:
- ІІ дәрежелі «Отан соғысы» ордені,
- "Жапонияны жеңгені үшін" медалі,
- Ленин ордені.