Ұлы Отан соғысына қатысқандар
Юсупов Иманбай Исламұлы
(1923 - 1943)

1923 жылы 10 наурызда Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Бақ торабы ауылында дүниеге келген. 1939 жылдың қазанынан ВЛКСМ мүшесі. 1942 жылы 23 мамырда Шығыс қазақстан облысы Тарбағатай аудандық әскери комиссариатымен шақырылып, Солтүстік Азия әскери округінің Харьков артиллериялық танкке қарсы артиллерия училищесіне оқуға жіберілді. Училищені бітіргеннен кейін майданға жіберілді. Лейтенант, Батыс майданының 90-шы Қызыл Тулы гвардиялық атқыштар полкінің 29-шы гвардиялық атқыштар дивизиясының танкке қарсы зеңбіректер взводының командирі. 1943 жылы 21 наурызда Смоленск облысы Дорогобужский ауданы Секарево ауылының маңында шайқаста қаза тапты. Смоленск облысы Дорогобуж ауданы Волочек ауылының батысындағы әскери зиратта жерленген.  

Негізі: https://obd-memorial.ru/

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу