Ұлы Отан соғысына қатысқандар
Түсіпов Сауқан
(1923 - 1943)

1923 жылы туған. Жаңасемей аудандық военкоматынан майданға шақырылған, 47-ші бөлек атқыштар бригадасының құрамында соғысқан. 1943 жылы ақпанда бригада Солтүстік-Батыс майданындағы Кеңес әскерлерінің екінші Демян шабуыл операциясына қатысты. С.Түсіпов 1943 жылы 22 ақпанда Ленинград облысының Старая Русса қаласын азат ету ұрысында қаза тапты. Ленинград облысы, Залучье ауданы, Залучье ауылынан батысқа қарай екі шақырым жерде жерленген.   Негізі: "Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы" КММ. Қор №1586

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу