Ұлы Отан соғысына қатысқандар
Голованев Николай Иванович
(1920 - 1990)

Семей қаласы Бесқарағай ауданы Канонерка ауылында дүниеге келген. 1940 жылы әскер қатарына шақырылды. 1941 жылдың мамырынан 1942 жылдың ттамызына дейін Харьков әскери – медициналық училищесінің курсанты, оны әскери мельдшер атағымен бітірді. Одан әрі, 1943 жылға дейін Батыс майданының дивизиондық медпункт бастығы болды. 1943 жылдан 1945 жылдың басына дейін Германиядағы Зоэст қаласының маңында тұтқында болды. Соғысты медицина қызметінің капитаны атағымен аяқтады. Ұлы Отан соғысына қатысқаны үшін 2 дәрежелі Отан соғысы орденімен, "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін" медальдарымен, Кеңес Одағының Маршалы А.Гречконың төс белгісімен марапатталған.   Негізі: "Қазіргі заман тарихын  құжаттандыру орталығы" КММ. Қор №1586

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу