1943 жылдың ақпан айында әскерге шақырылды. 1943 жылдың наурыз айынан бастап, 1944 жылдың қазан айына дейін барлаушы, 1944 жылдың қараша айынан бастап, 1946 жылдың мамыр айына дейін 194-ші гаубалық-артиллериялық полкінің құрамында 184-ші артиллериялық бригаданың көлік жүргізушісі болып қызмет етті. Полк Кеңес Одағының Маршалы Жуковтың басшылығымен соғысқан.
1946 жылы мамыр айында С.Г.Князев сержанттық құрам мектебінің курсанты болып қабылданды, кейін №1391 артиллериялық қойманың жүргізушісі болып ауыстырылды. Әскер қатарынан ефрейтор атағымен оралды. С.Г.Князев І-ші Белорус майданында соғысты, Висла өзенінің батыс жағалауындағы қарсылас қорғанысын бұзу кезіндегі ұрыстарға, қарсылас тобын жоюға және Познань қаласы мен бекінісін иеленуге, Варшава қаласын азат етуге, Берлин қаласындағы Рейхстагқа шабуыл жасауға қатысты.
С.Г.Князев Ұлы Отан соғысына қатысқаны үшін «II дәрежелі Отан соғысы орденімен», «Берлинді алғаны үшін», «Варшаваны азат еткені үшін, «Жауынгерлік қызметі үшін, «Ерлігі үшін» медальдарымен марапатталған.