Ол Шығыс Қазақстан облысы Верх-Уба ауылында туды. 1927 жылы Өскеменнің педагогикалық техникумын бітіргеннен кейін, Семей облысы Жарма ауданының Мариновка мектебіне меңгеруші ретінде жіберілді. Кейін ол «Прииртышская правда» газетінің әдеби қызметкері болып жұмыс істеді. Содан кейін соғыс болды... Дмитрий Феофанович 1942 жылдың 17 наурызында соғысқа шақырылды. Полк мектебін бітіргеннен соң атқыштар бөлімшесінің командирі болып тағайындалады. Бірақ, оның бейбіт кәсібін ескере отырып, және мамандардың қажеттілігінен, ол 128 - Түркістан Гвардиялық таулы-атқыштар дивизиясының "Ворошиловец" газетіне жауапты хатшы болып жіберілді. Дивизия құрамында Венгрия, Польша, Чехословакия, Германия арқылы соғыс жолдарымен жүріп өтті. Ол, соғысты бастайтын бөлімшелерімен тұрақты жұмыс істеді, жауынгерлер мен командирлердің ерліктерін өзінің очерктерінде, өлеңдерінде, жазбаларында кеңінен насихаттады және өз мақалаларында командирлер мен жауынгерлердің жауынгерлік тәжірибесін жинақтап қорытындылады. Дмитрий Феофановичтің шебер және батыл жұмысы арқасында, газет дивизия жауынгерлері мен командирлерінің жауынгерлік тәжірибесі мен батырлық мінбесі болды. Дивизияның взводтары мен батальондарында тікелей жүріп, барлаушылармен, автоматшылармен, коммунистер және комсомолдармен жүргізген сұхбаттары, жауынгерлік міндеттерді ойдағыдай орындауға терең әсер етті. Д. Ф. Черепановтың ерлігі мен батырлығын Отанымыз жоғары бағалады. Ол 2-дәрежелі Отан соғысы орденімен, "Қызыл Жұлдыз" орденімен, "1941-1945жж" Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерен еңбегі үшін», "Ерлігі үшін", "Кавказды қорғағаны үшін" және басқа да көптеген медальдармен марапатталды.