Ұлы Отан соғысына қатысқандар
Курмангалиев Касым Курмангалиевич
(1907 - 1985)

Қасым Құрманғалиұлы Құрманғалиевтың жылы Семей губерниясы Өскемен уезі Сұлу сары болысының № 6 ауылында дүниеге келді (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Шар ауданы Мұртас ауылы). 1942 жылы ол өз еркімен майданға аттанады. 7-ші Армияның 36-шы Гвардиялық атқыштар дивизиясының "Смерш" контрреволюциалық барлау қызметінің жедел қызметкері ретінде міндетін атқарды. Ол Сталинград, Дон, Ворошилов, Степной, 2 және 3-ші Украина майдандарында соғысып, Сталинградты қорғауға, Украина, Румыния, Венгрия, Чехословакияны азат етуге қатысты.

Днепрден өткендегі ұрыста көрсеткен ұйымдастырушылық қабілеті үшін Қ.Қ. Құрманғалиев Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталуға ұсынылды.

104-ші Гвардиялық Ясском атқыштар полкы бойынша 1944 жылғы 24 шілдедегі бұйрығымен, 11 адамнан тұратын неміс барлаушыларын тұтқынға алған кезде көрсеткен ерлігі үшін, "Вальтер" атаулы тапаншасымен марапатталды.

Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін Қ.Қ. Құрманғалиев Германияда 1946 жылға дейін Кеңес әскерлерінің тобында болған. Содан кейін Шығыс Қазақстан облысы Ұлан аудандық ІІМ бөлімшесінің бастығы, 1951 жылдан 1958 жылға дейін – Семей облысы ІІБ бастығының орынбасары болып жұмыс істеді. 1958 жылы зейнеткерлікке шықты.

Ұлы Отан соғысында көрсеткен батылдығы мен ерлігі, үшін Қасым Құрманғалиұлы I және II дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, Қызыл Жұлдыз, Қызыл Ту ордендерімен, "1941-1945жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін", "Жауынгерлік еңбегі үшін", "Сталинградты қорғағаны үшін", "Будапешті азат еткені үшін", мерейтойлық медальдармен және төсбелгілерімен марапатталды.

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу