Николай Сергеевич Кашляк 1920 жылғы 9 мамырда Қостанай облысы Урицкий ауданының Житык с. дүниеге келген. 1938 жылы Боголюбовский орта мектебін тәмәмдап, 1940 жылы Қызыл Әскер қатарына шақырылды. 1941 жылғы шілдеден бастап Солтүстік-Батыс майданы 464-ші атқыштар батальонының құрамында кеңсе хатшысы қызметін атқарды. Николай Сергеевич 1943 жылдың сәуір айында Мәскеу әскери-инженерлік училищеге жолдама алды, оны аяқтағасын кіші лейтенант шенінде қайтадан майданға жіберілді. 1945 жылғы 6 наурызда Германияның Пирида қаласы үшін шабуылдау ұрыста снарядтың жарқыншағымен ауыр жараланды. 1945 жылғы желтоқсан айына дейін № 3857 госпиталінде емделді, кейін запасқа шығарылып Петропавловск қ. тұратын жеріне оралды. Н.С.Кашляк 1946 жылы Қазақстанның ЛКДО Петропавловск қалалық комитетіне хатшы болып тағайындалды, 1957 жылы Семей облыстық № 16 баспахана директоры лауазымына ауыстырылды