Шерин Иван Афанасьевич – Ұлы Отан соғысының ардагері, Ұлы Отан соғысының I және II дәрежелі Орденінің кавалері, ҚазақССР сауда саласының құрметті қызметкері, сондай-ақ Семей қаласының құрметті азаматы. 19 жасынан өз еркімен майданға аттанған, артиллериялық барлау басшысы болған. 311-ші Гвардиялық Қызыл ту Миномет полкі құрамында болып, Сталинградтан Берлинге дейін бара отырып, Белоруссия, Украина, Польша елдерін азат ету ұрыстарына қатысты. 9 мамыр Жеңіс күнін Берлинде қарсы алды. Соғыс аяқталғаннан кейін Семейдегі комбикорм зауытының жоспарлау бөлімінің басшысы болған. 10 жыл көлемінде Семей облыстық сауда басқармасының басшысы қызметінде болды. Бірнеше рет Қазақстан компартиясының обкомы мүшесі болған, Семей облыстық халық депутаттары кеңесінің депутаты болды. Зейнеткерлікке шыққаннан соң Семей облыстық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы болып қызмет атқарды.