Ұлы Отан соғысына қатысушылар
Самаев Кабдырахман Акатаевич
(1920 - 1995)

Самаев Қабдырахман Ақатаевич 1920 жылы Семей облысы Абыралы ауданының № 14 ауылда дүниеге келді. Орта білім беру мектебін бітірді. Өзінің еңбек жолын 1939 жылы Ақсуатта сегіз жылдық мектепте мұғалім қызметінен бастады. 1940 жылы Кеңес Армия қатарына шақырылды. 1942 жылы Тамбов қ. жаяу әскер училищесін бітіріп Степной, Брянск, Белорус, Украина майдандарында соғысты, Польша мен Чехословакияны азат етуге қатысты. Ол Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін І дәрежелі Отан соғысы ордені, Қызыл жұлдыз ордені, «Ерлігі үшін», «Кенигсбергті алғаны үшін», «Праганы азат еткені үшін» медальдарімен, көптеген мерейтой медальдарімен және төс белгілерімен марапатталды. Соғыстан кейін Семей облысының дамуына зор үлесін қосты. Мақаншы аудандық партия комитетінің екінші хатшысы, Үржар аудандық атқару комитетінің төрағасы, Шұбартау аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, Семей облыстық баспасөз басқармасы бастығының қызметтерін атқарды. Құрмет белгісі және Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталды. 

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу