Ұлы Отан соғысына қатысқандар
Квочкин Григорий Федорович
(1919 - 2004)

Ұлы Отан соғысына қатысушылары құжаттарының коллекциясы Квочкин Григорий Федоровичтің құжаттарымен толықты. Ол 1919 жылы Семей облысы Бесқарағай ауданының Большая Владимировка ауылында дүниеге келген. 1939 жылы Григорий Федорович Қызыл Әскер қатарына шақырылды. Әскер қатарында жүріп байланысшылар курсын аяқтады. Ұлы Отан соғысын Харьков қаласында жүріп бастап, алғашқы күндерінен бастап алғы шепте болды. Сонымен қатар Украина, Белоруссия ұрыстарына қатысып, Кавказ қорғанысында болып, Белоруссия мен Польшаны азат етуге қатысты. Берлинге дейін жетті.  Соғыстан кейін Григорий Федорович Ленин атындағы Ленинградтық әскери-саяси академиясын аяқтап, Семей облыстық азаматтық қорғаныс штабында қызмет етті. Ұлы Отан соғысына қатысқаны үшін Квочкин Г.Ф. Қызыл Жұлдыз орденімен, 1ші және 2-ші дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдарымен, «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік қызметі үшін», «Варшаваны азат еткені үшін», «Кавказдың қорғанысы үшін», мерейтойлық медальдармен және естелік белгілермен марапатталған.   

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу