Қорабаев Рахымбек (1908-1985жж.) отызыншы жылдардың басында Семей облыстық «Екпінді» газетінің, кейін Қарқаралы аудандық «Еңбек майданы» газетінің жауапты редакторы болып жұмыс істеді. 1937 жылы Қазақ журналистика институтында жоғары білім алған Р.Қорабаев «Қазақстанның колхоз-совхоздары» республикалық журналының жауапты редакторы болып тағайындалды. Ұлы Отан соғысының басталуына байланысты журнал уақытша жабылды және Рақымбек Павлодар облыстық «Қызыл-Ту» газетінің үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі болып ауыстырылды. 1942 жылдың басында Рахымбек Қорабаев Ташкент қаласында Орта Азия әскери округінің жедел әскери-саяси курсын бітіріп, Калинин майданының 29 армиясының саяси басқару резервіне жіберілді. 1942 жылдың сәуір айынан бастап, майдан газеттері қазақ тілінде шыққан соң, оны Калинин майданында шыққан «Жауға,қарсы аттан» ("Вперед, на врага") газетінің редакциясына ауыстырды. Р.Қорабаев әдеби қызметкер және газеттің аудармашысы болды. 1943 жылдың қаңтар айында Рахымбек Қарабаев ауыр жарақаталып, госпиталде 6 айға жуық емдеуде болды. Жарақаттанғаннан кейін «Фрунзевец» Орта-Азиялық әскери округі газетінің редакциясына жұмысқа жіберілді. 1943 жылдың наурыз айында денсаулығына байланысты әскерден оралды, бір жыл Қазақстан КП Павлодар облыстық комитетінің нұсқаушысы болып жұмыс істеді. Ұлы Отан соғысы аяқталғанға дейін Семей облыстық «Екпінді» газеті жауапты хатшысының орынбасары болды. Рахымбек Қорабаевтың соғыстан кейінгі қызметі журналистика мен байланысты болды. 1952 жылы республикалық партия мектебін бітіріп, «Речник» газетінің редакторы, Семей облыстық «Блокнот агитатора» журналының, «Семей таңы» газетінің әдеби қызметкері және аудармашысы болып жұмысістеді. Р.Қарабаев Семей және Павлодар облыстарының баспаларында мытуға ғана емес, архив ісінде мытуға да өз үлесін қосты–1961 жылдан 1969 жылға дейін ол Семей облыстық атқару комитетінің архив бөлімінің меңгерушісі болды.