1939 жылы Архангельск облысына Қызыл Әскер қатарына шақырылды. Ұлы Отан соғысы басталғаннан кейін Кіші лейтенанттардың жедел курсын бітіріп, 661-ші атқыштар полкіне пулемет бөлімінің командирі болыпжі берілді. Ол Архангельск облысында қалыптасып, 88-ші атқыштар дивизиясының құрамына кірді. Полк құрамында Насыр Ахметвалиевич Карельск және Оңтүстік-Батыс майдандарында шайқастарға қатысты, Украина, Белоруссия, Прибалтика, Польшаға өтіп Берлинге дейін жетті. Ұлы Отан соғысы майданында көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін Н.А.Кенбаев II дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, «1941-1945жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңген іүшін», «Белорусияны азатеткені үшін» медальдарымен, Маршал Г.К.Жуков медалімен, көптеген мерейтойлық медальдармен және төсбелгілерімен марапатталған. Жарма орта мектебінің Жауынгерлік Даңқ мұражайында Насыр Ахметвалиевичке және оның Ұлы Отан соғысына қатысуына арналған құжаттар жиналды. Н.А.Кенбаев Жарма ауданының Құрметті азаматы. Соғыстан кейін Н.А.Кенбаев Шар әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің аға инспекторы, Шар кенттік Кеңесінің хатшысы, Шар Қазақ темір жол ыстанциясының №23 кешкі орта мектебінің директоры, Семей станциясының №8 орта мектебінің директоры болып жұмыс істеді.