Ұлы Отан соғысына қатысқандар
Қонарбаев Мұхаметқали
(1917 - 1991)

Ұлы Отан соғысының ардагері Қонарбаев Мұхаметқали 1917 жылы Тарбағатай ауданына қарасты «Жетіарал» елді мекенінде дүниеге келген. Жанұяда шешесінен ерте қалып, Рахимаш атты апайымен және әкесімен артельде бұғанасы қатпастан еңбекке араласқан. Сауат ашу мектебінде 3-ші класты оқып бітірген. Оқуға зерек болғанымен ауру әкесін асырап жан бағу үшін жұмыс істеп, білім алуын жалғастыра алмаған. Бозбалалық шағы 1932 жылғы нәубет «ашаршылыққа» тап келіп, әкесінен айырылған. Тігерге тұяқ қалмағанда аң-құсқа тұзақ құрып, аң аулап өзінің күш-жігерінің арқасында аман қалады. Ел есін жиып колхозға біріккенде «Зовет Ильича» колхозының іргетасын қаласады. 1942 жылы қаңтар айында соғысқа аттанады. Сталинградтан Берлинге дейінгі жойқын жорық жолын жүріп өткен атам шайқаста ауыр жараланып, госпитальда Казань қаласында ұзақ жатып емделгенін, соғыстан соң 1 жыл Совет Армиясына қызмет етіп, 1946 жылы туған ауылына Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Жетіарал совхозының Асусай фермасына оралғанын, денсаулығым жоқ, соғыстан келдім деместен тапсырылған жұмысқа белсене араласып апам Абилбаширова Мүгілсім (редакцияда корректор болып істеп жүрген) екеуі мал шаруашылығын өркендетуге атсалысқанын, еңбектері зейнетсіз болмай «Еңбек қызыл ту» орденімен, «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталған. Сұм соғыстан алған жарақатының салдарынан ауыр науқаспен 7 жыл арпалысып, атам 73 жасында 1991 жылы Жеңіс күні қарсаңында атам мәңгілікке көз жұмды.

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу