Ұлы Отан соғысына қатысқандар
Попов Тимофей Васильевич
(29-09-1908 - 04-04-1943)

Попов Тимофей Васильевич 1908 жылдың 29 қыркүйегінде Самар губерниясы Куйбышев облысының Большеглушицк ауданының Тамбовка ауылында орташа отбасында дүниеге келген.
1934 жылы Тимофей Васильевич жұбайы Евдокия Андреевнанмен және ұлы Петрмен Лениногор қаласына көшіп келді, мұнда ол 1934 жылдың 17 шілдесінен бастап «Главцемент» түсті металлургия СССР Алтай (Риддер) полиметалл комбинатының Бас Басқармасының тұрғындық құрылыс Басқармасының 1-ші учаскесінде арматуршы болып жұмыс жасады. 1935 жылдың 01 тамызында Құрылысшылар комитетінен Екпінді билеті берілді, 1936 жылдың 21 ақпанында Ануфриев учаскесі бастығынан стахановтар жоспарын Т.В. Попов – 118 % (Беликов бригадасы) орындағаны жөнінде анықтама берілді. 1941 жылдың 28 наурызында «Отличник социалистического соревнования Цветной Металлургии» кеуде белгісімен марапатталды.
1942 жылдың 08 қыркүйегінде Т.В. Попов Қызыл Армия Шаруаларының – 15381 ә/б жұмысшылар қатарына жолданылды. 612 -ші жеке санитарлық батальонында шайқасты. 1943 жылдың 04 сәуірінде қызыл әскер Попов Тимофей Васильевич шайқас кезінде әскери тапсырманы орындау үстінде қаза табады.  Попова Евдокия Андреевна 4 баламен қалады.    

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу