Савельев Михаил Емельянович 1917 жылдың мқарашасында Шығыс Қазақ-стан облысы Глубокий ауданы Орловка ауылында шауралар отбасында дүниеге кел-ген. 1939 жылы Өскемен коммунистік саяи жарықтандыру техникумын аяқтайды. 1939 жылдың 15 қарашасында Лениногор қалалық әскери комитетінен әскери қызметтен өту үшін Әскери күштер қатарына шақыртылады. Орталық-Азия әскери мектебіндегі (Чарджоу қаласындағы) оқуын аяқтағаннан кейін 1940 жылдың 15 қарашадағы 100 – ші жеке тау атқыштар полкі зводының командирі көмекшісі болып тағайындалды. 1941 жылдың 12 қарашасынан бастап – Алматылық жаяу әскери училищиясының курсанты болды. Келесі әскери әрекеттерге қатысты: 12.03.1942ж.-03.02.1943ж.- Сталинградттық фронтта: құрамында 77 жеке бекітілген ауданның артиллерийстік-пулеттік ротасының командирі; 03.02.-23.09.1943ж. - Оңтүстік фронт: құрамында 77 жеке бекітілген ауданның 1179 атқыштар полкінің 347 атқыштар дивизиясы ротасының командирі және № 16017 әскери госпитальда жараланғанна кейін емделуге (01№08№1943ж. Тагангор қаласындағы шайқаста оң жақ қолына жеңіл жарақаттанған); 23.09.1943ж.-20.05.1944ж.- 4-ші Украиналық фронт: 54 гвардия атқыштар дивизиясының 160 атқыштар полкінің пулеметтік рота командирі; 20.05.1944ж.-25.02.1945ж. - 3-ші Укариналық фронт: 49 гвардия атқыштар диви-зиясының 144 гвардиялық атқыштар полкі пулеттік ротаның командирі және № 3435 әскери госпитальінде жарақаттан кейін емделуге (09.02.1944ж. Днепр өзені жағасындағы шайқаста екі аяғынан жеңіл жарақат алды, емді сол часть ішінде алды; 22.08.1944ж. Сталинградтағы шайқаста басынан қатты жарақан алады, 06.01.1945ж. дейін Винницк облысы Томашпольск ауданы Анатополь ауылында емделуде болды). Украина фронтының басқарушысының 04.03.1944ж. № 229 бұйрығымен аға лейтинант М.Е. Савельевке капитан әскери атағы берілді; 25.02-09.05.1945ж. - 2-ші Украина фронты: 49 гвардия атқыштар дивизиясының гвардиялық атқыштар полкінің 144 пулеттік ротасының командирі. Жеңістен кейін- 33 гвардиялық механизаторланған дивизияның гвардиялық механизаторланған полкінің 104 пулеметтік ротасының командирі (Молдава ССР, Унген қаласы, Одессия әскери округі), 31.01.1948ж.- ГСОВГ 32-ші зениттік артиллерия дивизиясының 1387 зениттік артиллерияның полкінің рота командирі. «Гвардеец СССР» кеуде белгісімен, Қызыл Жұлдыз орденімен, Ұлы Отан со-ғысының 1-ші дәрежелі орденімен, «За взятие Будапешта» медалімен, «За взятие Вены», «За Победу над Германией», «За оборону Сталинграда» медальдарымен, Октябрьге 60-жыл толуына орай «Аврора» Крейсер ескерткіш белгісімен марапат-талған. 1949 жылы соғыстан оралады. Зимовье ауылана келеді. Мәдени-масаалық жұмысардың меңгерушісі, есепші, мүгедектер үйінің бас есепшісі болып жұмыс атқарды. 1961 жылы Қазақ ССР Әлеуметтік Қамтамасыз ету Министрі жанындағы әлеуметтік қамтамасыз ету Органыңы жұмысшыларының біліктілігін жоғарыла-тудың 3 айлық курсын аяқтады. 1980 жылы Михаил Емельянович жұбайы Ефросиньия Федоровнамен эәне үш баласымен бірге Лениногор қаласына көшіп келді. 1992 жылдың 10 ақпанында Ұлы Отан соғысы мүгедегі куәлігін алды. 1995 жылдың 26 сәуірінде оған майор атағы берілді. М.Е. Савельев 1995 жылдың 14 қарашасында көп жылдар бойы аурудан соң қайтыс болады.