1925 жылы 25 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Қалыбай ауылында дүниеге келді. 1942 жылы қазан айында Ұлан ауданының әскери комитетімен майданға шақырылды. Украина, Белорус майдандарында, Гомель, Ковель, Житомир, Дрогибили, Луц, Чехославакия қалаларында соғысты. Соғыс кезінде жарақатанып, зақым алды. Жеңісті Прага қаласында қарсы алды. Отандық соғыс орденімен, «За победу над Германией», «За отвагу», «За освобождение Праги», Жуков медальімен, «За боевые заслуги» және тағы басқа медальдармен мараппаталған. Соғыс аяқталғаннан кейін Айыртау, Егінсу, Мыңшұңқыр, Қанай ауылдық кеңестерінде төраға болып қызмет атқарды. Сонымен қатар, агроном, Обухов совхозында меңгеруші, партиялық комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді. Осы уақытта 7 бала, 15 немере, 15 шөбере сүйіп отыр.