1926 жылы 22 қыркүйекте Змеиногорск уезінің Таловка ауылында дүниеге келген. Кейін Молостовтың отбасысы Риддер қаласына көшіп келді. 1943 жылдың күзінде 17 жасында Лениногорск қаласынан әскер қатарына шақырылды. Великие Лукиға 1-ші Балтық майданының Баграмянның қол астындағы 234 атқыштар полкінің алдынғы шебіне жіберілді. Белоруссияны қоршаудан азат ету операциясында қатысты. Батыс Двинаны жүзіп өтті. Сол үшін үшінші дәрежелі Даңқ Орденімен марапатталды. 1944 ж. наурыз айы – «Багратион» операциясында, Латвияны босатуында қатысты. Шауляя қ. маңында жарақат алды. Госпитальдан кейін 80-ші гаубичті бригадасының артиллериялық барлауына ауыстырылды. Зееловские биіктіктерін басып алу үшін «За отвагу» медалін алды. Шпрее өзенін жүзіп өтті. Шабуыл алдында Бранденбург қақпасы алдында түнеді. Берлинге шабуыл жасады. Мамырдың 2 рейхстагтың үстінде «Мен Қазақстаннанмын. НВМ». Соғыс жылдары атқыш пен артиллерияның барлауы болып соғысқаны үшін 14 үкімет наградаларына ие болды. Әсіресе, 1 дірежелі Отан соғысы, III дәрежелі Даңқ Ордендері оған аса қымбат. Сонымен қатар, «За отвагу», «За освобождение Варшавы», «За взятие Берлина» медальдарына ие болды. Соғыстан кейін тағы 5 жыл Германияда әскери борышын өтеді. 1950 ж. маусым айында соғыстан Лениногорск қаласына оралды. Өскемен қаласына көшіп келіп, ЖЭО турбинаның машинисты болып жұмысқа орналасты. Одан кейінгі жылдарда спорт ұйымдастырушысы болды – спортқа 36 жылын арнады. 10 жыл ішінде, ШҚО бойынша ауыр атлетикада аға жатықтырушысы болды. КСРО энергетиктер арасында ЖЭО штангисттері 1 орын алды. Молостов – ауыр атлетика бойынша бүкілодақтық дәрежелі төрешісі. Гір және городки спорты бойынша жоғарғы ұлттық дәрежелі төрешісі. Дене шынықтыру және спорт үздігі. КСРО кәсіподағының БСҚ активисті. Қазақстан Республикасының Құрметті спорт қайраткері. Молостов Николай Васильевич, біздің облысымыздағы ауыр атлетикасының және городки спортының негізін қалаушысы.