Аманшалов Қаман 1924 жылы Зайсан ауданы Жаңатұрмыс ауылында дүниеге келген. 1930 жылы колхоз ұйымдастыру кезенінде «Жаңатұрмыс» колхозының мүшесі болып, еңбекке араласқан. 1942 жылы қыркүйек айында майданға аттанған. Соғыс кезінде № 395 атқыштар дивизиясында атқыш болып Ресейдің Рязань облысынан бастап, Орел, Курск, Польша қалаларын азат етуге қатысып, Берлинге тақап қалған кезде Ұлы Отан соғысы аяқталған. Бір шайқаста ауыр жарақат алған. Туған жеріне 1948 жылы оралды. 2 дәрежелі «Отан соғысы» ордені, маршал Жуков медалі, Украина президенті Л.Кучманның «Украинаны азат еткеніне 60 жыл» медалі, «Курск шайқасының 70 жылдығы» тағы да басқа мерекелік медальдармен марапатталған. Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың, облыс әкімдері В.Меттенің, В.Храпуновтың, Б.Сапарбаевтың құттықтауларын алған және Жеңістің 30,40,50,60,70 жылдықтарына берілген мерекелік меджальдармен марапатталған. Соғыстан кейінде «Айнабұлақ» совхозында аға шопан болып зейнеткерлікке шыққанға дейін еңбек еткен. Еңбектеде үздіктер қатарынан көрініп «СССР Ауыл шаруашылығы социалистік жарыстың үздігі» белгісі, «Құрмет Белгісі» орденімен, Қазақ ССР-нің «Құрмет Грамотасымен», персоналды зейнетақы алған майдангер және еңбек ардагері. Тұратын жері Зайсан қаласы
НЕГІЗІ: ШҚО «Мемлекеттік архив» КММ Зайсан филиалы
қор 250, т. 1, істер 177-182.