Ұлы Отан соғысына қатысушылар
Өміржанов Алтынхан
(23-01-1923 - )

Өміржанов Алтынхан – 1 қантар 1923 жылы Үржар ауданы Қарамойыл ауылында туған. Әскери шенi - сержант. Ұлы Отан соғысы жылдарында Сталинград майданында шайқаскан. Соғыста көрсеткен ерен ерлiктерi үшiн 14 мерекелiк медальдармен марапатталған. «Соғыстағы ерліктері үшiн», «Маршал Жуков», «Тың жерлердi игергенi үшiн», «Еңбек ардагерi», «ҚСРО әскеріне 50, 70 жыл», «Украинаны азат еткені үшiн» т.б медальдарға ие болды. Алтынхан ақсақал соғыстан кейiн туған ауылына оралып, «Красные горные орлы» колхозында ұзақ жылдар бойы әртурлі жұмыстар атқарған. 9 бала тәрбиелеп өсірген. Бүгiнде Ақжар ауылының ардақты азаматы, ауылдық ақсақалдар Кеңесінің белсенді мүшесі. Қазіргі таңда Ақжар ауылында тұрады.

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу