Федор Тимофеевич Очкасов, Ұлы Отан соғысының қатысушысы, еңбек ардагері
Федор Тимофеевич Очкасов 1919 жылы 10-шы сәуірде Алтай өлкесі Камен ауданы Долганке ауылында дүниеге келген. Ол 16 жасқа толғанда «Колыванстройға» жұмысқа кірді.Жарты жылдан соң Федор Верх-Березовка ауданына келді. 1939 жылдың қараша айында Федорды әскерге шақырды. 1940 жылдың ақпан айында ол Фин шекарасына түсіп, Финляндиямен соғыс басталды. Содан кейін ол Ұлы Отан соғысына қатысты. Соғыс аяқталған соң Сталинград қаласын қалпына келтіру үшін жіберілді. Тек 1948 жылы Федор Тимофеевия соғыстан қайтып, Верх-Березовка кентінде геологиялық барлау партиясында бұрғылаушы болып жұмыс істеді. Ол ұзақ уақыт бойы ауылының ардагерлер кеңесінің төрағасы және аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі болды. Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Перевальное ауылында тұрады. Үкіметтік наградалары бар: "Құрмет Белгісі"ордені, медальдар.