Василий Павлович Перелыгин, Ұлы Отан соғысының мүгедегі, еңбек ардагері Василий Павлович Перелыгин 1925 жылы 4-ші наурызда Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Предгорное ауылында дүниеге келген. 1942 жылдың аяғында оны 8-ші сынып оқушысын әскерге шақырды, мауданда адам санын толықтыру талап етілді. Жарты жыл Тамбов жаяу әскерлер училищесін оқып және сержант атағын алып,басқа курсанттрамен бірге Украинаға жіберілді.Жарақат алып, төрт а бойы госпитальде емделді.Оны әскерден босатты, 1944 жылдың наурыз айында ол туған ауылына оралды. Военкомат атынан оны Предгорное мектебіне әскери іс жетекшісі болып жұмысқа орналасты. 1948 жылы ол Өскемен педогогикалық училищесін сырттай бітіріп, дене шынықтыру, сурет салу, сызу сабақтарын жүргізді. 37 жыл бойы мектепте жұмыс істеді, содан кейін Предгорное автобазасында суретші болып жұмыс істеді. Қазіргі уакытта Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Предгорное ауылында тұрады. Үкіметтік наградалары бар: Даңқ ордені 3-дәрежелі ордені, "Днепр үшін", "Германияны жеңгені үшін" мерейтойлық медаьдарымен.