Ұлы Отан соғысына қатысқандар
Меньшиков Виктор Сергеевич
(28-12-1926 - )

Туған жері: Воронеж облысы, Аннин ауданының, Анна ауылы

Әскери атағы: аға сержант   1944 жылы ақпанда 17 жасында майданға ерікті болып кетті. Сапер бөлімшелерінде соғысып, Беларуссияны, Польшаны азат етуге, Берлинді алуға қатысты. Соғыстан кейін 5 жыл Потсдамда, 2 жыл Киев әскери округінде қызмет етті. 1960 жылдан Өскемен қаласында тұрды. Өскемен қаласы прокуратурасының жүргізушісі, тергеушісі, тергеу бөлімінің прокуроры, адвокат болып жұмыс істеді. Шығыс Қазақстан облыстық сотының мүшесі болды. 600 жарияланымның авторы, "Социалистік заңдылық" журналының бүкілодақтық конкурстарының лауреаты.

Марапаттар: - II дәрежелі Отан соғысы ордені, - "Берлинді алғаны үшін"  медалі, - "Варшаваны алғаны үшін" медалі, - "Польшаны азат еткені үшін" медалі, - "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін" медалі.

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу