Әзкеұлы Жұмағазы - Ұлы Отан соғысының ардагері, 9 май 1921 жылы Абай ауданының Мұқыр ауылында дүниеге келген. Бастауыш мектепті бітірген Жұмағазы еңбекке ерте араласып, Ұлы Отан соғысы басталғанша туған ауылында әртүрлі жұмыстар атқарған.
1942 жылдың 1 қаңтарында әскерге шақырылып, Семей қаласынан майданға аттанады. Ол жаяу әскер қатарында Дондағы Ростов майданындағы ұрыстарға қатысады. Украина мен Белоруссия майданындағы шайқастарға қатысып, соғыстың алғашқы жылдарындағы күші басым жауға қарсы ұрыстарда ерлік пен батылдықтың үлгісін көрсетті. Небір ауыртпалық пен қиындықты көре жүріп, Украина қалаларын неміс басқыншыларынан азат етуге қатысты.
1942 жылдың қараша айының 15 күні ауыр жараланған ол тоғыз ай бойы Тбилиси қаласындағы госпитальда жатып емделеді. Госпитальдан жазылып шыққаннан кейін 1943—1948 жылдары аралығында Кузбасс қаласындағы шахтада жұмыс істеп, «Бәрі де майдан үшін» деген ұранмен Жеңіс күін жақындатуға өз үлесін қосады.
1949 жылы елге оралғанна кейін туған ауылы Мұқырда 1991 жылға ұста болып жұмыс істеген. Еңбек озаты атанып, елі үшін тер төккен Әзкеұлы Жұмағазы 1991 жылдан бері құрметті еңбек демалысында.
Ол 2 дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» орденінің және көптеген медальдардың иегері.
Қазіргі уақытта Абай ауданы, Көкбай ауылында тұрады.