Садыков Молдахан 1925 жылы Зайсан ауданы Жарсу аулынында туылған. Зайсандағы мұғалімдер даярлайтын курста оқып жүргенде соғыс басталып, өз еркімен сұранып 1942 жылы Отан қорғауға майданға аттанады 150-ші атқыштар полкінде атқыш болған. Балтық жағалауын қорғауға қатысқан. 1944 жылы Бикин қаласында әуе атқыштарын даярлайтын училищеде 6-ай оқып, ұшақтар полкіне әуе атқышы ретінде «ИЛ-12» штурм жасаушы ұшағында Жапон басқыншыларынан Манчжурияны, 1944-1945 жылдары Оңтүстік Курил аралдарын азат ету шайқастарына қатысқан. 2- дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Ерлігі үшін» «Германияны жеңгені үшін», «Жапонияны жеңгені үшін», «1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 20,30,40,50,60,70 жылдықтарына» берілген мерекелік медальдар тапсырылған. Тұратын жері Зайсан қаласы
НЕГІЗІ: ШҚО «Мемлекеттік архив» КММ Зайсан филиалы қор 250, т. 1. Істер 139,141