Қурманғожанов Закен 1923 жылы Саржыра ауылы, Зайсан ауданында туған. Соғысқа дейін «Красный За йсан» колхозында еңбек еткен. 1942 жылы майданға аттанып, Аягөз қаласында жауынгерлік оқу-тәсілін үйренгеннен кейін бөлімше командирі, взвод командирі болып Москва түбіндегі шайқастарға қатысқан. Жараланып госпитальдан шыққаннан кейін, Владимир қаласындағы танкистер дайындайтын 4- айлық курсқа жіберілген. Қурстан кейін танк экипажында көздеущі-атқыш болып 1942-1943 жылдары Смсоленск, Киев, Витебск қалаларын, Латвия, Литва елдерінің астаналары Вильнюс, Рига қалаларындағы қиян-кескі ұрыстарға қатысқан. Осы ұрыстарда қаншама жауынгер-достары қаза тауып, қаншама танкілер өртеніп кетті.1944 жылы бұлардың экипажы қатты ұрыстардың бірінде немістердің «Тигр» атты күшті танкілерін жойып жіберген. Майдангер ата Жеңіс туын желбіретіп Берлинге дейін жеткен. Соғыстағы ерлігі үшін 1-2 дәрежелі «Отан соғысы» «Қызыл жұлдыз» ордендерімен, «Германияны азат еткені үшін», «Белоруссияны азат еткені үшін», 2 дәрежелі «Данқ орденімен», «Отечества» орденімен, «Отличный танкист» белгісімен марапатталған. Соғыстан кейінде «Ленин» колхозында, кейіннен «Айнабұлақ» ұжымшарында ұста болып еңбек еткен, бүгінгі күні балаларынның қызығын көруде. Тұратын жері Зайсан қаласы.
НЕГІЗІ: ШҚО «Мемлекеттік архив» КММ Зайсан филиалы
қор 250, т. 1, істер 45, 118.