Василий Григорьевич Кугуков, Ұлы Отан соғысының мүгедегі, еңбек ардагері
Василий Григорьевич Кугуков 1925 жылы 14-ші қаңтарда Алтай өлкесі Локтевск ауданы Успенка ауылында дүниеге келді. 1937 жылы оның әксін қудалауға ұшырап анасына көмектесу үшін ол 1941 жылдан 16 жастан бастап Суврова геологиялық-барлау партиясында жұмысшы болып, кейін ауысым шебері болып жұмыс істеді. 1943 дылдың қаңтар айында ол әскер қатарына шақырылып майданға жіберілді. Ол 821-ші байланыс батальон құрамында байлансышы болып міндетін атқарды. 1946 жылдың сәуір айында оны міндетінен босатты. 1951 жылы оны Верх-Березовка геологиялық-барлау партиясына іс-сапарға жіберілген. 1965 жылдан бастап ол босатылған кәсіподақ комитетінің төрағалық қызметін атқарды. Үнемі қоғамдық жұмыспен айналысты.Жәнеде ол Перевальное ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы болды. Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Верх-Березовка кентінде тұрады. Үкіметтік наградалары бар: Ұлы Отан соғысы ордені, "Ерлігі үшін","Жауынгерлік еңбегі үшін","КСРО Еңбек ардагері" медальдарымен, "Тамаша барлаушы-геолог" белгісімен.