Ұлы Отан соғысына қатысушылар
Қалибаев Өмірзақ
(1925 - )

Қалибаев Өмірзақ 1925 жылы Теректі ауылдық Кеңесінде дүниеге келген. 1943 жылы 18 жасында Ұлы Отан соғысына аттанған. Жапониядағы соғысқа қатысып, 1948 жылы туған жеріне оралып Айнабұлақ совхозында еңбек еткен. 2 дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 30,40,50,60,70 жылдықтарына берілген мерекелік медальдармен марапатталған. Тұратын жері Зайсан қаласы

НЕГІЗІ: ШҚО «Мемлекеттік архив» КММ Зайсан филиалы қор 250, т. 1.  

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу