Павел Еремеевич Стрехо, Ұлы Отан соғысының мүгедегі, еңбек ардагері Павел Еремеевич Стрехо Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданы Рождественское ауылында көп балалы отбасында дүниеге келген. Павел 4 сынып бітіргеннен кейін "Шығыс Бостандығы" колхозында қарапайым жұмысшы болып жұмыс істеді. 1943 жылы әскерге шақырылды. Аягөз қаласына кіші команирлер мектебіне жіберілді.Оқуды бітірмей жатып мектепті жауып тастады және оларды майданға жіберілді. Павел Беларус майданына автоматшы болып барды. Жарақат алды. Кенигсбергте жеңісті қарсы алды. Павел Еремеевич туған ауылына келіп мал шаруашылық кешеніне электрик болып жұмысқа тұрды. Үйленді, жұбайы екеуі бес баланы өсіріп жеткізді. 1988 жылы Павел Еремеевич Стрехо Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Веселовка ауылына көшіп келді қазіргі уақытта сол жақта тұрады. Үкіметтік наградалары бар: Даңқ ордені 3-ші дәрежелі, Отан соғысының 1-ші дәрежелі ордены, "Ерлігі үшін", "Кенигсбергті алғаны үшін","Германияны жеңгені үшін", мерейтойлық медельдарімен.