Ұлы Отан соғысына қатысқандар
Қағазов Заки
(01-01-1923 - )

Қағазов Заки 1923 жылы 01 қаңтарда Зайсан ауданының Сауыр тауы, Аршаты сайында дүниеге келген. 1941 жылы Зайсан өңірінен 5800 жасөспірім ФЗО-ға Лениногорск шахтасына жұмысқа алынған. 2 жыл шахтада жұмыс істеп, еліне оралады. 1944 жылы майданға аттанып, соғыста генерал Панфиловтың дивизиясында Б.Момышұлы қолбасшылық еткен полктің құрамында Белоруссия, Украина, майдандарында 317 атқыштар дивизиясының құрамында қатысты. 1950 жылы елге оралады. 2 дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» ордені, «1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғыс» ардагері, «Жапонияны жеңгені үшін», маршал Г.К.Жуков медалі және «1941-1945 Ұлы Отан соғысы жеңісінің 30,40,50,60,70» жылдық мерекелік медальдарымен марапатталған. Тұратын жері Зайсан ауданы Қаратал ауылы

НЕГІЗІ: ШҚО «Мемлекеттік архив» КММ Зайсан филиалы  қор 250, т. 1. 

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу