Ұлы Отан соғысына қатысушылар
Исаев Өмiртай
(01-01-1922 - )

Исаев Өмiртай – 01 қантар 1922 жылы Үржар ауданының Науалы ауылдық округiнде дүниеге келген. Жалындай жастық шағында 1942 жылдың мамыр айында сол кездегi Кеңес Қарулы күштерi қатарына шақырылып, орталық майданның Ленинград корғанысында әскери борышын өтедi. Соғыс уақытындағы ерлiктерi үшiн «Ұлы Отан соғысы» орденi, «Ерлiгi үшiн», «Москваны корғағаны үшiн», медальдарымен марапатталды. Соғыс жылдарындағы ерлiгi мен адал еңбегі өз деңгейінде бағаланып, әртүрлі мерекелiк медальдарды да кеудесiне тақты. Майданнан 1945 жылдың мамыр айында елге оралып, ауыл әлеуетінің жан-жақты өркендеуiне өз үлесiн қосты. Бүгiнде аксакал ұрпақ тәрбиелеп өсірген ардақты әке және ауылдың қадірлі қариясы. Қазіргі таңда Үржар ауылында тұpaды.

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу