Ұлы Отан соғысына қатысушылар
Тiлеубаев Тоқтағазы Тілеубайұлы
(01-01-1924 - )

Тiлеубаев Тоқтағазы Тілеубайұлы - 1 қаңтар 1924 жылы бұрынғы Ақсуат ауданы, Үштөбе ауылында дүниеге келген. 1942 жылы Кеңес әскері қатарына шақырылып, № 41 гвардиялық атқыштар дивизиясы қатарына қабылданады, Қан майданда Украинанын Харьков қаласын азат ету үшiн шайқасқан. Сұрапыл шайқастардың бiрiнде жау оғына жараланып, госпитальға жатып шығады. Денсаулығына байланысты 1943 туған елге оралып, сол кездегi Чапаев атындағы ұжымшарда бақташы болып ұзақ жылдар жұмыс істеген.   Казіргі таңда Бестерек ауылдық округінің Қазымбет ауылында тұpaды.  

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу