Жунисжанов Жагипар Байгелович (1924 ж.т.) – Ұлы Отан соғысының және еңбек ардагері, Абай ауданының құрметті азаматы. 1941 жыл Отан қорғауға аттанады. Ол ішкі істер Министрлігіне қарасты әскерилердің 20 мотоатқыштар бөлімшесінде ерекшк мақсаттағы тапсырмаларды орындайтын коменданттық қызмет атқарған. 1945-1949 жылдары Совет – Финляндия шекарасында қызмет жасайды. «Үздік шекарашы» белгісімен марапатталған. Әскерден қайтқаннан кейін, 1950 жылдан Абай аудандық партия комитетінде әртүрлі қызметтер жасаған. Абай аудандық партиялық- мемлекеттік бақылау комитетінің председателі болған. 1967-1971 жылдары аудандық «Совхоз туы» газетінің редакторы, 1971 жылдан бастап халық депутаттары Абай аудандық кеңесі атқару комитеті председателінің орынбасарлығы қызметінде істеген. Республикалық дәрежедегі дербес зейнеткер, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, 1 дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» орденінің және көптеген медальдардың иегері.
Ол 4 кітаптың авторы. Атап айтқанда: «Отыз әулет мың ұрпақ», «Ту тіккен тобықтының қолбасшысы», «Бата бере білесіз бе», «Батагөй атаның батасы».
Қазіргі уақытта Абай ауданы, Қарауыл ауылында тұрады.