Ұлы Отан соғысына қатысқандар
Жанабілов Алдаберген
(1923 - )

Жанабілов Алдаберген – 1923 жылы Таскескен ауылында дүниеге келген. 1941 жылдың аяғында сол кездегi Кеңес Әcкepi қатарына шақырылып, Қиыр-Шығыста Жапон әскеріне қарсы соғыска қатынасты. Сол жылдары Маньжурия, Харбин қалаларын азат етуде көрсеткен ерлiктерi үшiн «Ерлiгi үшiн», «Жапонияны жеңгені үшiн», «Жуков» медальдарымен және басқа да мерекелiк марапаттауларға ие болған, Соғыстан кейiн де белсендi енбек майданына араласып, зейнеткерлiкке шыққанға дейiн № 27 кәсіптік мектепте жүргiзушi болып еңбек eттi. Ауыл тұрғындарына әрқашан ақыл-кеңесін берiп жүретiн Алдаберген ақсақал 8 бала тәрбиелеп өсірген үлкен шаңырықтың тірегі.

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу