Далабаев Сағымжан 1924 жылдың 18 тамызында Зайсан ауданы, Жарсу ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1941-1942 жылдары Сталин атындағы колхозда бастаған. 1942 жылы майданға аттанып, 125 атқыштар полкінде, 4- батальонда атқыш болған. Москва қаласын жаудан қорғауға қатысып, Венгрияға дейінгі шайқастарда болып, Жеңіс күнін сол жерде қарсы алған. 1943 жылы батальон құрамы Жапонияның «Квантун» армиясына қарсы соғысқа қатысып, жарақат алған. Жапон армиясы жеңілгеннен кейін туған еліне оралған. 1 дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, маршал Г.К.Жуковтың медалімен, Жеңістің 30,40,50,60,70 жылдық мерекелік медальдарымен марапатталған. Соғыстан кейін де Ворошилов атындағы колхозда есепші, егіс бригадирі, ферма меңгерушісі, Қаратал жұмысшылар кооперациясы бастығының орынбасары, Кендірлік совхозы директорының орынбасары болып қызмет атқарған. Майдангер ата қазіргі күні тірі бала-шағасының ортасында. Тұратын жері Зайсан ауданы Дайыр ауылы
НЕГІЗІ: ШҚО «Мемлекеттік архив» КММ Зайсан филиалы
қор 250, т. 1, істер 43,110