Гуляев Николай Тимофеевич 1926 жылы 1 қаңтарда Қарабұлақ ауылы, Зайсан ауданында дүниеге келген. 1943 жылы 17 жасында майданға аттанған. Прибалтика майданында жаяу әскер сапында ұрысқа қатысқан. Майданда қолынан жарақат алып, госпитальда емделіп шыққаннан кейін әскери техниканы меңгеру курсын бітірді. Танк жүргізушісі болып, Белоруссияны, Украина, Польшаны, Германияны азат етуге қатысып, Берлинге дейін жеткен. 1-2 дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен, маршал Г.К.Жуков «Ерлігі үшін», Украинаны, Белоруссияны неміс босқыншыларынан азат етуге қатысқан және тағы басқа мерекелік медальдармен марапатталған. Соғыстан кейін де Зайсан қаласында көптеген мекемелерде жұмыс істеген. Тұратын жері Зайсан қаласы
НЕГІЗІ: ШҚО «Мемлекеттік архив» КММ Зайсан филиалы қор 250, т. 1.