Николай Спиридонович Чеканов, Ұлы Отан соғыс мүгедегі, еңбек ардагері
Николай Спиридонович Чеканов 1924 жылы 19-шы шілдеде Алтай өлкесі Третьяков ауданы Бондари ауылында дүниеге келген. Шемонаиха мектебінің 8 сыныбың аяқтағаннан кейін Лениногорск тау-кен техникумына «түрлі-түсті металдарды байыту» мамандығына түсті. 1942 жылы әскерге шақырылды. Бастапқыда оны 7-ші запастағы кавалерия полкіне жіберді, 10-шы гвардиялық әскер дивизиясы. Кейінрек оны 83-ші Краснознамен атқыштар полкіне жіберілді. Жеңіс күнін Николай Спиридонович госпитальде қарсы алды, өйткені 1945 жылдың 24-ші сәуірінде жараланып шілде айына дейін эвогоспитал ауруханасында емделді. Соғыстан оралғаннан кейін 1949 жылы Лениногор техникумын бітіріп Белоусовка байыту фабрикасында шебер болды. Содан кейін жылдар бойы Шығыс Қазақстан облысының түрлі-түсті металлургиясын дамытты. Қазіргі уақытты Николай Спиридонович Чеканов Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Белоусовка ауылында тұрады. Үкіметтік наградалары бар: Ұлы Отан соғысы ардені, 3-ші дәрежелік даңқ, "Германияны жеңгені үшін", "Еңбек ардагері", мерейтойлық медальдарымен.