Николай Георгиевич Гаврилов, Ұлы Отан соғысының қатысушысы, еңбек ардагері
Николай Георгиевич Гаврилов 1927 жылы 19-шы желтоқсанда Прапорщиково ауылында дүниеге келген. Содан кейін отбасысы Жарма ауданы, Жаңғызтөбе станциясына көшіп келді. 1942 жылы Николай 6 сыныпты бітірді және жанұясы Тарбағатай ауданы Тополевый Мыс ауылына көшіп кетті.Жасөспірім кезінен бастап балық зауытында жұмыс істеуге тура келді. 1943жылдың наурыз айында оның әкесі майдандла қаза табады. Николай майданға әкесінің кегін алу үшін қашып баруға шешім қабылдайды. Ол Тихвина қаласына дейін жетті онда оны полктың баласы деп қабылдап қалады. Полк құрамына кірген екінші Прибалтика майданына жіберілді Прибалтика мен Польша жағына. 1945 жылдың тамызында Николай Георгиевич қиыр шығыстың бірінші құрамындағы Маньчурии мен Харбина қаласының шекарасына өтті. 1946 жылы Николай Амбур арқылы Хабаровск қаласына өтетін көпірді күзетті. Николай Георгиевич 1951 жылы әскерден қайтарылып, Глубокое ауданына келип Ертіс мыс балқыту зауытына жұмысқа кірді. Ол кешкі мектепте 10 сынап бітірді, содан кейін ауыл шаруашылық техникумын және сырттай құрылыс-жол институтын бітірді. Осы жылдар ішінде ол қарапайым жұмысшыдан зауыт директорының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасар дәрежесіне дейін өсті. Осы лауазымда ол зейнетке шыққанға дейін 23 жыл еңбек етті. Қазіргі уақытта Шығыс Қазахстан облысы Глубокое ауданы Глубокое ауылында тұрып жатыр. Үкіметтік наградалары бар: ұлы Отан соғысы ордені, "Жауынгерлік еңбегі үшін", "Германияны жеңгені үшін", "Жапонияны жеңгені үшін", мерейтойлық медальдармен