Петр Васильевич Васюкович Ұлы Отан соғысының қатысушы, еңбек ардагері
Петр Васильевич Васюкович 1926 жылы 21 сәуірде Омбы облысы Люблин ауданы Рагозинка ауылында көп балалы шаруа отбасында дүниеге келген. 1944 жылы Петр Васильевичты әскерге шақырады. Кейін бір айлық Красноярск қаласындағы кіші командир оқуын оқып Қиыр Шығысқа Спасск қаласына жіберілді, 1945 жылдың қаңтар айында Қытайға жіберіліп сонда қазан айына дейін соғысқан. Соғыс аяталғаннан кейін ол 1951 жылға дейін Қиыр Шығыста әскерде болған. Әскер қатарынан босағаннан кейін туған ауыолына қайтып оралды, ал 1951 жылы сәуір айында Глубокое кентіне көшіп келді. 1945 жылдың мамыр айында Ертіс полиметалл комбинатына ағаш ұстасы болып жұмысқа тұрды, 1965 жылы агломерациялых цехына ауысты, және сол жерде зейнеткерлікке шыққанға дейін жұмыс істеді. 1953 жылы үйленді, әйелі Матрена Степановна екеуі екі қыз, бір улды өсіріп жеткізді. Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Глубокое кентінде тұрады. Үкіметтік наградалары бар:Ұлы Отан соғысы ордені, "Германияны жеңгені үшін", "Жапонияны жеңгені үшін", мерейтойлық медальдарымен.