Матвей Пантелеевич Шикунов, Ұлы Отан соғыс мүгедегі, еңбек ардагері
Матвей Пантелеевич Шикунов 1926 жылы 27-ші қарашада Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы Кутиха аулында дүгиеге келген. 8 сынып бітіріп Матвей Зырян қаласында жұмыс істеді. 1943 жылы он жеті жасында майданға аттанды. 4 айлық әскери дайындықтан өткеннен кейін 1-ші Балтық жағалау фронтына жіберілді. Витебскті, Қалалар мен Латвия ауылдарын азат етуге қатысты. 1944 жылы шілде айында аяғынан қатты жараланып госпитальде узақ емделіп әскери өқызметтен босатылды. Глубокое ауданына қайта оралып кеме жөндеу шеберханасында токарь болып істеді. Кейінрек Матвей ата-анасымен бірге Зырян ауданына көшіп темір жолда жұмыс істей бастады, үйленіп екі баланы ұл мен қызды өсірді. Қазіргі уақытта Матвей Пантелеевич Шикунов Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Предгорное ауылында тұрады.