Андрей Андреевич Афанасьев, Ұлы Отан соғысының қатысушысы, еңбек ардагері Андрей Андреевич Афанасьевич 1927 жылы 1-ші қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Верхубинск ауданы Малоубинка ауылында дүниеге келген. 5 сынып аяқтағаннан кейін колхозда жұмысшы болып істейді. 1944 жылдың желтоқсан айында әскерге шақырды.Забайкал әскери округінде әскери борышын атқарды. Япониямен соғысқа қатысты.1951 жылы әскерден босатылып Глубокое аудынына келді. Ертіс құрылыс басқармасында ағаш ұстасы-бетоншы болып жұмыс істеді. 35 жыл еңбек етіп 1987 жылы зейнетке шығады. Үкіметтік наградалары бар: Отан соғысы орденінің 2-ші дәрежесі, "Ерлік үшін","Жапонияны жеңгені үшін","Ерен еңбегі үшін", мерейтойлық медальдарімен. Қазіргі уақытта Шығыс Қазахстан облысы Глубокое ауданы Глубокое кентінде тұрады.