Ұлы Отан соғысына қатысқандар
Корнева Просковья Дмитриевна
(25-02-1926 - )

Сухорукова Просковья 1926ж 25ақпанында дүниге келгенРессейдің Курск облысында дүниеге келген. Балалық шағы Москва маңындағы Донецк облысы , Днепродзержинск каласы нда өткен.1943ж Тула қаласының медициналық техникумын   аяқтап ,сол жылғы түлектердің барлығы өз еркімен майданға сұранады.   Химки елді мекеніне келіп бір айлық дайындықтан өтіп,   Курск облысы Поныр теміржол станциясынан  соғысқа аттанады. Екі жыл ішінде әскери дәрігерлер мен медбикелермен   бірге қаншама адамның өміріне арашашы болды, қаншама адамның өлімін көрді.Просковья Дмитриевна өзінің жұбайымен майданда танысады.1947ж жылы ол Казахстанға келіп, Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы, Дарствен ауылынадағы Корнев Дмитриге тұрмысқа шығады. Ерлі зайыпты Корневалар 53жыл оттасқан. Екеуі үш бала тәрбиелеп өсірді. 1998ж 20 маусымында Просковья Дмитриевнаның жұбайы дүниеден өтеді. Қазіргі уақытты Просковья Дмитриевнаның 6 немеремі,2 шөбересі бар. Ұлы Отан соғысының ардагері Просковья Дмитриевнаның   жауынгерлік жолы оның алған ордендері мен медальдарынан көруге болады. ІІ дәрежелі «Отан соғысы»ордені,«Украинаны босатқаны үшін», « Шекара қызметінің озаты» медальдері.

 

Негіздеме: Корнева П.Д. жеке мұрағаты

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу