Ахметкәрім Ахмадиев 1925 ж. 12 тамызында Шығыс Қазақстан облысы, Самар ауданы, Саршокы ауылында дүниеге келді. Әкесі - Қайынды орман шаруашылығының бастығы, шешесі - үй шаруасында болған. Ол үш жасында жетім қалған. Сол бір жылдары қазақ даласында жазалауды, аштықты, жұқпалы аурумен ауырғанды басынан өткізген. 1939 жылы А.Ахмадиев бастаушы мектебінде 7 сыныпты бітіреді. Мектепті аяқтаған кейін колхозға жұмысшы болып істеуге барған. 1943 ж. 2-ақпанында Ахметкәрім Ахмадиев әскер қатарына Забайкальяға шақырылады, жапондармен соғысады. Оның жауынгерлік жолын орденмен, медальдардан көруге болады: - «Жапонияны жеңгені үшін» 1946ж., - «Отан соғысы» II дәрежелі ордені 1985 ж; 1950 ж. соғыс аяқталғаннан кейін әскерден қайтқан соң А.Ахмадиев өз Отанына Самар ауданы, Саршоқы ауылына оралады. Ахметкәрім аға жұбайы Шөкенмен бірге 6 бала өсірді. Қазір 17 немере, 11 шөбересі өсіп келеді. 2007ж. Күршім ауданының маслихатының шешемі бойынша Ахметкәрім Ахмадиевке «Күршім ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді. Мемлекттік сақтауға құжаттарын А.Ахмадиев өзі тапсырды. Қазір де ақ шашты ардагер өзінің күш қуатымен белсенді өмір кешеуде.
Негіздеме: Күршім ауданының мемлекеттік мұрағаты, қор 56, тізімдеме-4.