Пинусов Яков Григорьевич 17 қаңтар 1926 жылы Зырян қққаласында дүниеге келді. Әкесі Григорий Пинусов шахтер болды, анасы үй шаруасындағы әйел. 1940 жылы Большенарымда 7 сыныпты бітірді. МТС-та слесарь болып жұмыс істеді. Әскер қатарына 1943 жылы шақырылып, 4 айдан кейін майданға алып кетті, Белоруссиға түсті. 1944 жылы қазан айында ауыр жарақат алып, қаладағы Шаулья госпиталіне түседі. 1945 жылы үйіне оралды. 1946 жылы Ново-Березовка ауылына орналасып Екатерина Марковна атты әйелге үйленеді, отбасында бес бала бар. Әйелі Екатерина Марковна Ленин атындағы колхозда 47 жыл жұмыс істеді 1977 жылы зейнеткерлікке шықты. Пинусов Якрв Григорьевич осы колхозда токарь болып 45 жыл жұмыс істеді, 1981 жылы құрметті демалысқа шықты. Қазіргі уақытта 10 немере және 7 шөбере сүйіп отыр. Яков Григорьевич көптеген орден медальдармен марапатталған.