Бейсембинов Қапас Шығыс Қазақстан обласы Катонқарағай ауданыныда 1925 жылы 15 маусымда дүниеге келген. Әкесі Бейсенбі колхозда ұста болып қызмет атқарады 1935 жылы мектепте болған Бсйсембинов Капастың 7 жылдық білімі бар. 1941 жылы сұрапыл соғыс басталып ер азаматтардың бәрi соғысқа аттанғанда ол колхозға жұмысқа шығады 1943 жылы 17 қаңтарда Қызыл әскер қатарына шақырылып . 1944-1945 жылдар аралығында Ұлы Отан соғысына катысып неміс жаулаушыларына қарсы күреседі. Украина майданынының екінші құрама қатарында болған Қапас Бейсембинов 1944 жылы тамыз айында Молдавия оның астанасы Кишинев қаласында ұрысқа қатысады.Румынияның бір бөлігін азат еткен сарбаздар қатарында болған. Украина, Венгрия, Чехословакия жерлерін азат етуге қатысқан ақсақал көптеген орден медальдарды кеудесіне таққан. Маньчжурия шайқасында ерлігімен көзге түскен Қапас Бейсембинов Қызыл Жұлдых орденімен марапатталады. 1948 жылы елге оралған ол белсене еңбекке араласып мал дәрігері болып қызмет атқарады.Ардагер тоғыз бала үш ұл алты қыз тәрбиелеп өсірген. Ақсақал жиырма немере жеті шөбере сүйіп отыр, бұл күндері Катон ауылында тұрады.