Байғазин Мәлғаждар 1925 жылы Катоқарағай өлкесінде дүниеге келген. Ол 1943 жылы сәуір айында 18 жасында майданға аттанды. Әуелдегі Қиыр Шығыста Уссури өзенніде болады. Үш айдан кейін олардың бөлімін соғыс қызып жатқан Батыс майданға ауыстырады. Отанға қызметету үшін Мәлғаждар Байғазиннің қолына қару алып жарты Еуропаны аралап шығуына тура келеді. Сатыр-сұтыр танк айқасы , түнгі ұрыстар, гүрс-гүрс жарылған снаряд дауысы әлі күнге дейін ардагердің есінде. Мәлғаждар Байғазин алғашқы ұрысты Гомель түбінде қарсы аладыда ең соңғы станция Сарыньнан оның бөлімі 17 күн жаяу маршпен жүріп келіп, қолайлы позициядағы күшті бекіністе орналасқан дауды жарып өтіп ұрысқа араласқан болатын. Одан кейінгі бағыт Брест,Гданьск, Варшава, Нейман, Одер, Берлин болды. Пулеметші болған Мәлғаждар Байғазин Варшава түбінде оны азат етудегі ұрыста досының жарақатын байлап жатқан кезінде жақын араға жарылған снаряд жарықшасынана жарақат алады. 9 мамыр Жеңіс күніде есінде мәңгә сақталады, бұл күні Мәлғаждар Байғазин қызмет еткен әскери бөлім , Берлинде тұрған еді. Мәлғаждар Байғазин туған жеріне тек 1948 жылы ғана оралады. Еліне оралған соң балалық шағынаан үйреншікті ісі-жер өңдеге , астық өсіруге кіріседі. Ол оған жаңалық емес еді. Оның әкесі Байғазы Топқайың ауылында бірінші тракторшы болған. Соғыс ардагері Мәлғаждар Байғазин тамыры берік те терең жаылып кеткен. Ол кісі 5 ұл 1 қыз тәрбиелеп өсірген өнегелі әке. Бұл күндері ақсақал Катон ауылында тұрмыс кешуде.